«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы­ның төрағасы Дауыл Бей­сен­құлов Жуалы ауданына ар­найы іс-сапармен барып, ден­саулық және білім ны­сан­дарына зерделеу жұмыс­тарын жүргізді.
Тамақ сапасын тексерді
869
оқылды

Бұл шараға облыстық мәсли­хаттың депутаттары да қатысып, ем алушылар мен оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз ету сапасын бақылады. Депутаттар аудандағы жұмысын аудандық аурухананың асханасымен та­нысу­дан бастады. Бүгінде 120 адам ем алып жатқан ауруханада екі аспаз бен екі көмекшісі нау­қас­тарға үш мезгіл ыстық тамақ береді екен. Мұнда қажетті азық-түлік мемлекеттік сатып алу ар­қылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ депутаттар аудан орталығындағы Ә.Бөкейханов атындағы №15, Д.Қонаев атын­дағы №19, Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназияларының ас­ха­наларын да назардан тыс қал­дырмады. Бұл білім нысандарына күнделікті азық-түлік пен нан өнім­дерін «Аманжолов» жеке кә­сіпкерлігі жеткізеді. Ол үшін ас­ха­­налардың барлығы дерлік қа­жетті тоңазытқыштармен қам­тамасыз етілген. Депутаттар оқу­шы­лардың тамақтануына алаң­дар­лық негіз жоқ деген қоры­тынды жасады.