Аудан әкімі қала тұрғындарынан дүрбелеңге салынбауға шақырды.
Атбасар ауданының әкімі тұрғындарға бейнеүндеу жариялады
956
оқылды

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов су тасқыны жағдайына байланысты аудан тұрғындарына бейнеүндеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Аудан әкімі қала тұрғындарынан дүрбелеңге салынбауға шақырды. 

Естеріңізге сала кетсек, Жабай өзенінде су деңгейі күрт көтерілуіне байланысты өзен арнасын бойлай салынған топырақ үйіндісін бүгін таңғы сағат 04:43-те ағын су алты жерден бұзып өткен еді. 

«Су деңгейі күрт көтеріліп, алты жерден топырақ үйіндісін шайып өтуінен шекті межеден асып кетіп 5,95 метрге дейін көтерілді. Осыған байланысты су тасқыны қаупі төнген аймақтағы тұрғындар дереу тұрғын үйлерінен шығуы қажет. Қазіргі уақытта ауданда төтенше жағдай жарияланған. Барлық тұрғындарды дүрбелеңге салынбауға шақырамын. Қаладағы №2, 3, 5, 6, 7 мектептерде, ФОК, «Олимп» және музыка мектебінде орналастырылып, тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Барлық зардап шеккен тұрғындарға шығын өтеледі. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Олар дереу зардап шеккен үйлерді тексеретін болады. Менің басшылығыммен аудан әкімдігі жанында су тасқынына қарсы штаб ұйымдастырылған. Хабарласу үшін байланыс телефондары 24227, ұялы телефон – 87055984525», – деді Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов. 

Қазіргі уақытта құтқарушылар үйін су басқан тұрғындарды эвакуациялық бекеттерге орналастыру үстінде. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы