Өңірде бөгеттерді нығайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Төтенше жағдайлар министрі Атырау облысына барды
3,079
оқылды

Атырау облысында су тасқынына қарсы күрес жұмыстар бойынша құтқарушылар тобы күшейтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қазір су тасқыны салдарын жоюдың белсенді кезеңі жүріп жатыр.

Өңірге Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов барды. Оның тапсырмасы бойынша жақын арада Жылыой және Махамбет аудандарына қосымша арнайы техника жеткізіледі. Бөгеттерді нығайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.