Зілзала ошағы – Алматының оңтүстік-шығысына қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды
1,167
оқылды

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан аумағында сезілген жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 13:13-те болды. Зілзала ошағы – Алматының оңтүстік-шығысына қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

АФТЕРШОК. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.