Есін жоғалтқан балаға мұғалімдер бірден жедел жәрдем шақыртқанымен, олар да ажалдан арашалап қала алмады.
Ақтөбеде 8-сынып оқушысы жатақханада қайтыс болды
Фото: видеодан кадр/КТК
2,443
оқылды

Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды. Aikyn.kz бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәлімгері есінен танып, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.

Оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында білім ошағында болды. Бексұлтан Әбубәкір мектептің еркін күрес бөлімінде оқыпты. Есін жоғалтқан балаға мұғалімдер бірден жедел жәрдем шақыртқанымен, олар да ажалдан арашалап қала алмады. Марқұмның егізі де осы интернатта оқиды екен. Мектептегілер оқушының бұрын дерті болмаған деп отыр. 

«Жатақханада болған жағдай. Түнгі сағат 10-да ұйқыға жатады. Оқиға 9-дан кете болды. Тәрбиешілер бәрі график бойынша орнында болған, құлаған кезде алғашқы медициналық көмек берген. Тәрбиешінің сертификаты бар. Ондай ауруы болған жоқ, спортпен шұғылданып жүрген бала ғой», – дейді Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директоры Қайрат Әжбағамбетов.