Сенат Спикері Мәулен Әшім­ба­ев Қазақстанға алғаш рет рес­ми са­пармен келген Грузия Парламен­тінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Онда тараптар пар­ламентаралық ын­тымақтас­тық­­ты одан әрі нығайту және тағы бас­қа өзекті мәсе­лелерді талқы­лады.
Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту маңызды
1,272
оқылды

Палата Төрағасы Грузиядан кел­ген әріптесіне ілтипат білдіріп, бұл сапар парламентаралық өзара іс-қимылды және мемлекеттер арасын­дағы ынтымақ­тастықты одан әрі кеңейтуге тың серпін беретінін айтты.

«Грузия – Қазақстанның Оң­түстік Кавказ өңіріндегі маңызды серіктесі. Сіздің сапарыңыз біздің парламен­тара­лық өзара іс-қимы­лымызды, сон­дай-ақ елдеріміз ара­сындағы ынты­мақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Соңғы жылдарда сауда-эко­но­микалық саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткіздік. Бұл біздің екіжақты қа­рым-қаты­нас­тары­мыздың драйвері еке­ні анық. Біз түрлі бағыттағы ынтымақтас­тықты нығайту жолындағы міндеттерді іске асыруға Парламенттер тарапынан да ықпал ете аламыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар кездесуде турис­тік, көліктік-логистикалық және басқа да салалардағы ынтымақтасты арттыру мәсе­лелері талқыланды.

Сенат Спикері Мемлекет басшы­сының бастамасымен Қазақстанда іске асырылып жатқан кешенді әлеу­­­­меттік-экономикалық және саяси реформа­ларға, сондай-ақ Се­наттың заң шығару қызметі­не де тоқталды. Атап айтқанда, жаңа эко­но­микалық үлгі қалыптастыруға және елдің ин­вес­тициялық ахуалын жақсартуға ар­налған шаралар туралы сөз болды.

Өз кезегінде Шалва Папуашвили көп­жақты қатынастарды дамытуға мүд­делі екенін білдіріп, Қазақстандағы саяси трансформацияның тиімділігін тілге тиек етті.