Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, «Talbesyk» көпбалалы аналар одағының төрайымы Ләззат Қожахметова қабылданған жаңа заңның қандай өзгеріс әкелетінін сөз етті.
Әйел мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға қол қойылды – Ләззат Қожахметова
590
оқылды

– Мемлекет басшысы әйел мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды. Ол Заң біздің өмірімізге қандай өзгеріс әкеледі, соған тоқталайық. Біріншіден, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін (ұрып-соғу) 700 мың теңге айыппұл салынады немесе 50 тәулікке дейін қамаққа алынады. Егер де денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Орташа зиян тисе, 2 жылға дейін сотталады. Ұрып-соққаны үшін 280 мың теңге айыппұл салады немесе 80 25 тәулікке дейін қамаққа алынады.

Сот шешімі бойынша агрессорға психологиялық көмектен өту міндеттеледі. Психологқа бармаса отбасымен бірге тұруға тыйым салынады. Бұл көмек тек әңгімелесу түрінде өтеді. Дәрі-дәрмек тағайындалмайды. Оған қоса, агрессордың жәбірленушімен бірге бір үйде тұруына тыйым салынады. Үйінен шығарылады. 

Ал егер зардап шегушіні азаптағаны анықталса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Педофилия және кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына сотталады. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзгені, өзіне-өзі қол жұмсауға итермелегені немесе өзіне-өзі қол жұмсауға көмектескені үшін 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу/бас бостандығынан айыру тағайындалады. Кәмелетке толмаған адамды суицидке итермелеу 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыралса, суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК дейін айыппұл салынады. Егер үгіт-насихат өзін-өзі өлтіруге оқталуға алып келсе, 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу/бас бостандығынан айырады. Не болмаса насихаттың салдарынан өз-өзіне қол жұмсауға әкелсе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Алдын ала ескертпей, барлық үлгідегі балаларға арналған интернаттарда мемлекеттік тексеріс енгізіліп, балаларға арнайы әлеуметтік қызмет пен білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарға лицензия алу міндеттеледі. Психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін 111 байланыс орталығын құрылады.

Әкімшілік жауаптылықты енгізіледі:

кәмелетке толмаған баланы жәбірлегені (буллинг) үшін (ескерту не 10 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін айыппұл) салынады.

Ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін (10 АЕК айыппұл) салынады.

Ересектер еріп жүрмеген 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланы автобустан және өзге де қоғамдық жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіргені үшін (5 АЕК айыппұл) салынады. 

Қылмыстық жауаптылық:

16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипатта тиіскені үшін 40 күнге дейін қамаққа алынады.

Кәмелетке толмаған баланы заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Кәмелетке толмаған баланы ұрлағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырады.