Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағасында ұзындығы 100 шақырым болатын бөгет жасақталып, 771 мың құм толтырылған қапшық төселді.
Жайықтың бойында 100 шақырым бөгет салынды
2,411
оқылды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасуда. Оған 7 895 адам және 1 781 бірлік техника, соның ішінде 1011 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағасында ұзындығы 100 шақырым болатын бөгет жасақталып, 771 мың құм толтырылған қапшық төселді.

2024 жылдың 16 сәуірдегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см-ге дейін жетті және су деңгейі әлі көтерілуде. Өткен жылы ең жоғары деңгей 557 см болған еді. Қауіпті деңгей – 850 см.

Су Ресей Федерациясынан келеді, онда су тасқынына байланысты Ирикла су қоймасынан су жіберіліп жатыр. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Ирикла су қоймасының суын Ресей Федерациясынан ағызу біртіндеп азайып келеді. Дегенмен, облыста су басу қаупі жоғары деңгейде қалып отыр.