Бұл туралы «Қазгидромет» СҚО филиалының мамандары мәлімдеді.
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны басталды
1,046
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы екінші рет көтеріліп, Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Қазгидромет» СҚО филиалының хабарлауынша, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Ал Долматово елді мекенінің жанында өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.

Ондағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір одан асып, 1532-ге жеткен. 

Су тасқынының екінші толқынының әсерінен Сергеев су қоймасында су деңгейі 3 см-ге жоғарылаған. 

Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге төмендеген.