Қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысында жас баланың мүрдесі табылды: полиция іс қозғады
Фото: polisia.kz
620
оқылды

Ақмола облысында жас баланың өліміне байланысты полиция іс қозғап, тергеу амалдарын бастады,  деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Полиция департаменті жас баланың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары және басқа да процессуалдық шаралары жүргізіліп жатыр. Баланың өліміне күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді»,  деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.

Осы ретте, әлеуметтік желіде баланың 2020 жылы қайтыс болғаны және жасы шамасы 2-де екені, сондай-ақ 65 жастағы әжесінің немересін бау-бақшаға жерлегені айтылады.