Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік туындысы «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» қойылымы әкемтеатр сахнасына қайта оралды.
«Қозы Көрпеш–Баян сұлу»  қара шаңыраққа қайта оралды
3,160
оқылды

Түркі жұртына ортақ қазына болып саналатын шығарма осыдан сексен жылдан аса уақыт бұрын, яғни 1940 жылдың 29 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында театрсүйер көрерменге жол тартқан еді.

Сол уақыттан бері әр ре­жис­сер аталған қойы­лымды әр­түрлі трактовкада сахналап кел­ді. Араға жылдар салып қайта орал­ған қойылымның осы жолғы басты ерекшелігі – ұлттық театр мен ұлттық өнімнің ерекше кол­ла­­бо­рациясы. Нақтырақ айтсақ, де­меу­шілік танытып, тарихи туын­ды­ны қара шаңыраққа қайтарған – Bayan Sulu кондитерлік фаб­ри­касы. Осы тұста қара шаңырақ өз тарихында алғаш рет қойылым­ның жабық көрсетілімін өткізгенін атап өткен жөн. Бүгінге дейін ки­ноп­ремьералардың жабық көрсе­ті­ліміне табан тіресек, енді өнердің биік шыңы саналатын театрдың ал­ғашқы жабық көрсетілімін та­ма­ша­лаудың сәті туды. Көрсетілімге кел­­ген қадірлі қонақтардың ара­сын­да театр саласында қызмет етіп жүр­ген жас буыннан бастап сахна саң­лағына айналған аға буын өкіл­дері, медиа мен киноиндустрия ба­­­­­ғытында танылып жүрген бірқа­тар халық қалаулылары жиналды. Жабық көрсетілімнің театрдағы пре­мьералардан тағы бір өзгеше тұсы – арнайы шақыру алған қо­нақ­­тардан бөлек, қойылымды та­ма­шалауға келген әрбір көрер­мен­ге ұлттық өнімнің атынан тәт­ті­лер та­бысталды.  

Ғашықтар зарына тас керең ға­­­­сырда дүниеге келіп, жақын-жуық­­тарынан қолдау таппай, ба­қи­ға аттанып кете барған қос мұң­лықтың махаббат оқиғасын ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов ке­зін­де өз пьесасына өзек еткен еді. Екі актілі махаббат дастанын жаңа трактовкада ұсынған қойылым ре­жиссері, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері – Әубәкір Ра­хи­мов. Махаббат үштігі сахналатын қойылымның жабық көрсетілі­мін­де басты кейіпкер Қозының рөлін театр актері Мағжан Асаубай, ал Баянның рөлін талантты актриса Индира Құлмағанбетова сомдады. Одан өзге актерлік құрамның қа­та­рында Б.Тұрыс, Д.Жүсіп, Ш.Ас­­қарова, А.Ағымбай, Ғ.Оспа­нов, Ж.Толғанбай, Ғ.Құлжанов, Н.Абилов сынды өнер иелері бар. Қойылым басталар алдында театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек ірі бизнес өкілдерінің өнермен, со­ның ішінде театрмен әріптестік не­гізде жұмыс істеуі Қазақстанда көп кездесе бермейтін құбылыс еке­нін негізге алды. 

– Өздеріңіз білетіндей, кон­ди­тер­лік фабрикамыз да Bayan Sulu деп аталады. Әу баста біз театр ди­­­­рек­торымен қандай қойылым қоятынымыз туралы ақылдасып, нә­тижесінде дәл осы «Қозы Көр­пеш–Баян сұлу» дастанына тоқ­тал­дық. Бүгін қазақ өнерінің қара шаңырағы мен Bayan Sulu кон­ди­терлік фабрикасының арасындағы бай­ланыстың нәтижесін көріп отыр­мыз. Кезінде Мұхтар Әуезов: «Сым­батты өнердің ішіндегі ең зор өнер­дің бірі – театр», – деп айтқан еді. Премьерада көрермен наза­ры­на ұсынылатын қойылым да сол сымбатты, ең зор өнердің туынды­сы», – деді «Баян Сұлу» АҚ Пре­зи­денті-Басқарма төрағасы Тимур Са­дықов.

Биыл қойылым әкемтеатрда бесінші рет қайта жарыққа шығып отыр. Қойылым режиссері Әубәкір Рахимов қаншама жыл­дық тарихы бар жауһар туынды ке­зінде Еуропаны аралап, ел ара­сын­­да үздік қойылым ретінде та­ныл­­ғанын атап өтті. Режиссердің сө­зінше, ол «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» қойылымын барынша за­ман­ға сай жаңғыртуға тырысқан.

– Кезінде театрымызда сах­на­лан­ған алғашқы қойылымдарды Сер­ке Қожамқұлов, Камал Қармы­сов, Шолпан Жандарбекова сын­ды театр тарландары сомдаған еді. Біз студент шағымызда көпшілік сах­насына қатыстық. Одан кейін Әзір­бай­жан Мәмбетовтің қойы­лы­мында Асанәлі Әшімов, Әнуар Мол­­­дабеков және т.б. әртістер сом­дап шықты. Расында, олардың қойы­лымда өз рөлін сомдап шы­ғуы біз үшін нағыз мектеп болды. Қа­зір орта буыннан асқан жас­тары­­мыз сол қойылымның көп­ші­лік сахнасына қатысты. Кейінірек, Қайрат Сүгірбеков есімді жас ре­жис­сер өзінің трактовкасын ұсын­ды. Бүгін сахналанатын жаңа қойы­­лымда түгел дерлік жастар ой­най­ды, – дейді Ә.Рахимов.

Режиссер қойылымды әзірлеу ба­рысында ұлттық құндылық­тары­мыздың бояуын кетірмей, халық­тың шынайы болмысын беруді бас­ты орынға қойған. Әңгіме ба­ры­сында Әубәкір Рахимов ұлттық клас­сикалық туындыларға интер­пре­тация жасағысы келіп, бірақ «ар­тық қыламын деп, тыртық етіп қоятын» жағдайлардың бар екенін, осының әсерінен ұлттық ерек­ше­ліктердің жоғалып бара жатқанын түйреп өтті. 

– Біздің шетелге танытуға ла­йық­­ты негізгі брендіміздің бірі – «Қо­зы Көрпеш–Баян сұлу». 1984 жы­лы осы қойылымды Францияға фес­тивальге алып бардық. Ал бү­гін­гі трактовкада махаббат даста­нын ұсынамыз деп шештік. Өйтке­ні біздің алдымызға қойған мақ­­­­­­сатымыз бен демеушілердің тілегі де осы идеяға сәйкес келді. Өкінішке қарай, қазір классикалық дү­ниелерімізге интерпретация жа­саймыз деп ұлттық ерекше­лік­те­рімізден айырылып бара жатқан тұстарымыз бар. Бүгінгі ұрпаққа керегі – классикалық туынды­лар­дың алтын қорда сақталып қалуы. Біз бас театр болғандықтан, осы мақ­­саттың орындалуына баса на­зар аудардық, – деді қойылым ре­­­­жиссері.

Сөз соңында режиссер қойы­­лымға дайындық ке­зін­де кейіпкерлердің басқа қыры­нан көрінгенін, сондай-ақ актер­лер­ді театр сахнасында бұрын сом­даған рөлдеріне ұқсамайтындай жаңаша қырынан көрсетуге әрі өнер жолына енді ғана қанат қақ­қан жас актерлердің талантын ашу­ды мақсат тұтқанын айтып пі­кі­р­ін түйіндеді. 

«Қозы Көрпеш–Баян сұлу» дас­таны – әлемдік мәдени-тарихи құ­былыс. Махаббат символына ай­налған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу оқиғасы риясыз махаббат, қатыгездік, достық, шынайылық се­кілді қасиеттерді пайымдайды. Қойылым сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерін негізгі идеялық мазмұн ретінде қарастырады. «Өнер ма­хаб­баттан тұрады, ал махаббат та­ластан тұрады», – деген театр директоры Еркін Жуасбек Ғашық­тар күні қарсаңында сахналанған қойылым жастарға оң әсер етіп қа­на қоймай, атаулы күн ел ара­сын­да айтылып жүрген ұлттық бол­мысымызға жат «Әулие Вален­тин күнін»  алмастырғанын айтып қорытындылады.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы