Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де бар.
Төтенше жағдайлар министрі Батыс Қазақстан облысына тағы барды
Фото: ТЖМ
521
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомство басшысы Бөрлі ауданының елді мекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді. Естеріңізге сала кетейік, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де бар. 

«ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды. Қажет болған жағдайда "112" телефонына хабарласыңыздар», - делінген министрлік хабарламасында.