су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынды.
БҚО-ның оннан астам елді мекені су басу қаупі бар аймақта орналасқан
Фото: ТЖМ
1,222
оқылды

Батыс Қазақстан облысының 11-ден астам елді мекені Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар аймақта орналасқан, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. Күні бойы ведомство басшысы Бөрлі, Январцев, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және т.б. ауылдарда болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынғанын мәлімдеді.