Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 
Оралда Жайық өзеніндегі су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді
1,382
оқылды

Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, қазір су деңгейі 858 сантиметрге жеткен. 

Осы уақытқа дейін құтқарушылар бөгеттер тұрғызу және нығайту жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 

Мәселен, күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары атқарылды. 

Қазір олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.