Оның айтуынша, Бишімбаев оған өзінен-өзі шабуыл жасаған.
"Унитаздың қақпағын жұлып алып, маған лақтырды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-күйеуімен ажырасуға не себеп болғанын айтты
Фото: видеодан алынды
3,913
оқылды

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман "Умные люди с Асель Кожаковой" подкастына берген сұхбатында экс-күйеуімен ажырасуға нақты қандай себеп түрткі болғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Бишімбаев оған өзінен-өзі шабуыл жасаған. 

"Бұл қоңырау емес, үлкен дабыл болды. Ол өзінен-өзі маған шабуыл жасап, ұстап алды, ол кезде менің мүлде кінәм болған жоқ. Мен телефонды алып, полицияға қоңырау шалуды шештім, өйткені бұған дейін оның маған саусағының ұшы тиетін болса, мен қажет жерге қоңырау шаламын деп ескерткен едім. Сөйтіп мен қоңырау шалдым, оған ол өте қатты ашуланды. Менің жағдайымда полицияға қоңырау шалу қате шешім болды. Мен полицияға қоңырау шалғаннан кейін ол менің телефонымды алып, унитазға ағызып жіберді.

Оның соншалық ашуланып, ызаланғанына қарап, мен "бұл соңы" деп ойладым. Содан ол унитаздың қақпағын жұлып алып, бар күшімен маған қарай лақтырып жіберді. Мен қашып, ас үйге барып тығылдым, ол ас үйдің есігін ұрып, сындыра бастады, уақыт таңғы 4-5 шамасы еді. Мен сондықтан да сот отырысында "ол есікті сындырды" дегенге сенемін. Мен ас үйдің есігін ашып, ұлдарымның бөлмесіне қарай жүгіруге мәжбүр болдым.

Менің үлкен ұлым сол кезде 10 жаста еді, ол кереуеттің екінші қабатынан секіріп, "әке, әке, өтінемін" деп жалбарынды. Ұлым осылай әкесін басты, мен де жағдайды түсініп, оны алдап, басуға тырыстым. Себебі мен жанжалды одан әрі шиеленістіру жақсылыққа әкелмейтінін түсіндім. Осы оқиғадан кейін мен өзіме "менің балаларым енді ешқашан мұндай жанжалдың қатысушысы болмайды, мені, ересек әйелді қорғамайды" деп өз-өзіме уәде бердім. Бәрі басылғаннан кейін мен оған ажырасқым келетінін айттым. Ол ұзақ уақыт бойы кеткісі келмей, уақыт созып жүрді. Тек 2 айдан кейін ғана үйден толық көшіп кетті", – деді Назым Қаһарман.