Бахаридин Аблазимов "ҚазАзот" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
Бахаридин Аблазимов су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллион теңге аударады
716
оқылды

Кәсіпкер Бахаридин Аблазимов Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллион теңге жібереді. Бұл туралы журналист Ербол Еділов Телеграм-арнасында хабарлады.

Бахаридин Аблазимов "ҚазАзот" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 

Ол Тимур Құлыбаев (№1 рейтинг), Дінмұхамет Идрисов (№21) және Ержан Достыбаевпен әріптестікте «ҚазАзот» ЖШС (Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі) үлестеріне ие. Сондай-ақ, бизнесменге «Ансаған Петролеум» ЖШС, «ТриасМунайГаз» ЖШС, «Матен Петролеум» АҚ, «Petro Chemical Company» ЖШС және «Радуга-Агро»ЖШС үлестері тиесілі.