Президент Іс басқармасының Президенттік орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан: халық үндестігі» көрмесі ашылды.
1 мамыр – Бірлік күніне арналған көрме ашылды
1,210
оқылды

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.  

Көптеген ұлттың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болатын даңғыл жолды бастап келеді. 

 

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  астам  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

Ашылған көрменің басты мақсаты - Президенттік орталықтың музейлік экспонаттары арқылы тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық келісім, мәдениетаралық диалогтің қазақстандық үлгісінің жетістіктерін көрсету.

 

Көрмеде ұсынылған бірегей заттар Қазақстан Республикасының түрлі этностарының тарихи өзара қарым-қатынастарын, олардың ынтымақтастығы мен мәдени қалыптасуын ашады.

Тәжік қабырға кілемі – сюзане, түрікмен ұлттық папахасы немесе гүлдермен кестеленген орыс халық рушнигі секілді экспонаттар арқылы келушілер түрікмен, өзбек, әзербайжан, беларусь, орыс, корей және басқа халықтардың ұлттық киім, ыдыс-аяқ, кілем тарихымен жақынырақ таныса алады.

Барлығы көрмеде Президенттік орталықтың киімдер, кілем және киіз, жұмсақ инвентарь, кәдесыйлық бұйымдар, ыдыс-аяқ, бейнелеу өнерінің туындылары және материалдық мәдениет заттары топтамаларынан 200-ден астам музейлік құндылықтары ұсынылған.

Әр этностың еліміздің дамуына қосқан үлесі – бұл өз жерінің дамуына қосқан үлесі.

Көрме 2024 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады.