Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова өміріндегі өкінішін айтып, көңілі босады.
Аңқаумын: Дариға Бадықова өмірінде ұмытылмайтын өкінішін айтты
3,018
оқылды

Ол өкініш қанша уақыт өтсе де әлі күнге дейін өзегін өртейтінін жасырмады. Бұл туралы “Біздің подкаст” жобасында айтып берді, деп жазады Aikyn.kz.

Өнер иесі кезінде туған інісіне көмектесе алмағаны үшін қатты өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар актриса қандай іс үшін адамды кешіре алмайтынын айтты. 

"Өмірімдегі ең үлкен өкінішім туған ініме байланысты болды. Бір дәрі керек болды. Сол дәріні салу керек кезде ақша таппай қалдым. Соған қатты өкінемін. Сол өкініш әлі де ішімде, кетпеді. Сол дүние мені қазір шабыттандырып тұрған сияқты. Сол нәрсе үшін мен алға ұмтыламын. Мен негізі бәрін тез кешіре саламын, қолымда барымды бере саламын. Аңқаумын. Кешірмейтін нәрселерім бар. Бір зат үшін кешіре алмайтын едім. Оны көрерменге айтуға дайын емеспін", – деді актриса. 

Сонымен қатар актриса өнердегі әріптесі Олжас Абаймен подкаст барысында еркін сырласып, ел білмейтін жайттарды ақтарды. Актриса әріптесіне өзімен жұмыс істеудің кемшіліктері туралы сұрақ қойды.

"Сенің көңіліңе тиіп қалады. Сен өте сезімтал адамсың. Сенімен жұмыс істеген қауіпті, кейде ыңғайсыз. Бірақ маған қолайлы. Себебі менің мінезім ондайды көтереді. Сен кәсібилігіңе сеніп, бостау қарап жатасың рөлге. Маған сол ұнамайды. Көп уайымдайсың. Болмайтын немесе өтіп кеткен дүниеге көп уайымдайсың. Рөл сомдауға келгенде сол уайымның барлығы көзіңнен көрініп тұрады", – деді актер.