Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған пікірлерге назар аударған.
Анам ешкімге жалынбаған. Сара Амангелді оқырманына шынын айтты
4,234
оқылды

Танымал әнші, актриса Сара Амангелді оқырмандарының пікірін оқып, көңіл-күйі түсетінін айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол жан сырын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Пікірлерге назар аудармайыншы десем де, оқып алып жүрегім езіліп отырады.

Достар, мен бұрын-соңды Instagram-парақшамды қатты жүргізбейтін едім, мән бермейтінмін, көңіл де бөлмейтін едім. Бүгінгі таңым негізі күшті көңіл-күймен атқан болатын, өздеріңіз көрдіңіздер. Жүгіріп, еліктің бағы болып жатқан кезде кейбір пікірлерді оқып, көңіл-күйім түсіп қалатыны бар, өтірік емес. Мен де дәл сіз сияқты эмоционалды адаммын. Сөйтіп бір пікірді оқып, көңіл-күйім қатты түсіп қалды. Солай, не істерімді білмей отырмын.

Осы хат келген кезде көңіл-күйім түсіп, ренжіп қалдым. Бірақ айтып тұрғаны рас екен, мойындаймын. Анам негізі ешкімнен ешқашан көмек сұраған адам емес. Біреу тұрмақ, оған мені де араластырмайтын. Соған үйреніп қалыппын. Барлық әртіс, әнші, блогерлер біледі ғой, анам ешқашан ешкімнен ешнәрсе сұрап, жалынбаған. Маған мұндай ой келмегені сондықтан шығар", - деді актриса.