Қымбат Досжан Жәнібекті сатқан әйелдің кім екені қаңтарда анықталғанын айтты.
"Аудармашы": Қымбат Досжан Жәнібекті сатып жіберген әйелдің кім екенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден
1,730
оқылды

Қымбат Досжан әлеуметтік желіде Жәнібекті саудалаған адамның табылғаны туралы айтты. Бірақ қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, жариялауға құқығы жоқ екенін мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қымбат Досжан Жәнібекті сатқан әйелдің кім екені қаңтарда анықталғанын айтты.

"Ол әйелдің кім екенін, қайда тұратынын, жасы нешеде екенін біз қаңтардың басында анықтадық. Жәнібекті асырап алған анасымен хат жазысу арқылы білдік. Қылмыстық істі қозғап жатқан Арқалық полициясы да біледі. 2004 жылы ол перзентханада істемеген. Тіл білетіндіктен, аудармашы боп жұмыс істеген", –  дейді Қымбат Досжан.