Жамбыл облысы Сарысу ауданында тағы шу шықты.
Жамбыл облысында жоғарғы сынып оқушысы кәмелетке толмаған ұл баланы зорлаған
1,070
оқылды

Құқық қорғау органдары зорлау оқиғасына байланысты тергеу шараларын бастаған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тuraninfo.kz басылымының мәліметінше, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осы оқиғаға байланысты білім саласына жауапты шенеуніктер мен аудан әкіміне қатаң сөгіс жариялаған.

"Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен оқиға орнына жауапты мамандар жіберілді. Сарысу ауданынның әкімі Сәкен Мамытов және облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловқа бақылауды әлсіреткені үшін қатаң сөгіс жарияланды. Облыс әкімі осы жағдайға тікелей қатысы бар басқа да қызметкерлерді жауапқа тартуды және білім беру мекемелерінде кешенді тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сарысу аудандық полиция бөлімімен кәмелетке толмаған 14 жастағы балаға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Интернаттың оқытушылар құрамына қатысты міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.