Экс-жұбайының айтуынша, Қуандық 5 рет қажылыққа барған.
"Отбасымен көріпкелге баратын": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның дінге жақын болғанын айтты
1,389
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оның кіші қажылыққа 5 рет барғанын айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz el.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың діни көзқарасы жайлы айтты.

Желі қолданушылары Назым Қаһарманға "Бишімбаевтың дінге көзқарасы қандай болған?", – деген сауал жолдады.

"Ол ата-анасы сияқты әрқашан дінге жақын болатын. Мен білуімше, ол бес рет кіші қажылыққа барған. Бірақ оның арқасында дін мен рухани дүние деген екі түрлі нәрсе екенін түсіндім", – деп жауап берді Назым Қаһарман.

Бишімбаевтар әулетінің діни сенімінен бөлек көріпкел-балгерлерге жиі жүгінетіні жөнінде де айтып қалды.

"Әрдайым көп нәрсе білгісі келетін. Басқа адамдарға қарағанда бәрін бірінші боп білуге тырысатын. Отбасымен көріпкелге баратын", – дейді Назым Қаһарман.

Бұған дейін өткен сот отырыстарында Қуандық Бишімбаев ораза ұстап, мешітте ауызашар бергені жөнінде айтқан еді. Сондай-ақ азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкеновадан да намаз оқуды талап еткені анықталған.