Белгісіз біреулер марқұм Салтанат Нүкенованың есімін пайдаланып, жұрттан ақша жинаған.
Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды
Фото: YouTube
866
оқылды

Белгісіз біреулер марқұм Салтанат Нүкенованың есімін пайдаланып, жұрттан ақша жинаған. Бұл жайлы Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтбек Амангелді осы уақытқа дейін ешқандай ақша жинамағанын айтып, Ішкі істер министрлігінен алаяқтарды ұстауды сұрады. Айтуынша, емге ақша жинау үшін марқұм қарындасының суретін пайдаланып жүргендер бар. 

«Емге ақша жинау үшін Салтанаттың суреті мен видеоларын пайдаланғандардан өшіруді талап етемін. Салтанаттың суретін қаралым жинау үшін пайдаланғандары жиіркенішті. Әсіресе, оның суретін курсын сату үшін пайдаланғандар өте төмен дәрежедегі іске барды. Адамның қайғысына жанашырлық таныта отырып, өзінің реквизитін жазып қою дұрыс емес», – деді Айтбек Амангелді. 

Айтбек Амангелді көпшілікті осындай алаяқтардан сақ болуға шақырды.