Бүгін ауа райы қандай болады?
2 градус үсік күтіледі: 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
2,933
оқылды

"Қазгидромет" РМК  29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның әсерінен найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Тек республиканың оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ел аумағы бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.