Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Қар, тұман, 2 градус үсік: 30 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envato.com
3,560
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 30 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қзақстанның басым бөлігінің ауа райына Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онымен бірге жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, орталықта, шығыста найзағай, батыста, солтүстік-батыста-бұршақ, батыста, орталықта, оңтүстікте – дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-шығыста – тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.