Ерекше күтімді қажет ететін балалар арасында ұйымдастырылған байқаудың негізгі мақсаты – балалардың өнерін насихаттау.
AMANAT: «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті
1,561
оқылды

Жетісуда балалар арасында «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Айтулы шараның өтуіне облыстық Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы, партия жанындағы «Әйелдер қанаты» қанаты қолдау көрсеткен. Сайысқа ерекше білімге мүдделі мектеп оқушылары қатысты.

Ерекше күтімді қажет ететін балалар арасында ұйымдастырылған байқаудың негізгі мақсаты – балалардың өнерін насихаттау. Сол арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу. Іс-шарада Жетісу облысы «Бочча» федерациясының президенті Гүлнар Қожағұлқызы жігерлі өрендерге сәттілік тіледі.

"Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде бұл жандарға кедергісіз аймаққа айналуды көздеген түрлі әлеуметтік, психологиялық шаралар аясы ауқымын кеңейтіп келеді. Біздің мақсат мүмкіндігі шектеулі балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру және дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар, балалардың өздерін қоғамға пайдасы бар адам ретінде сезіндіруге атсалыстыру", – деді ол.

Жетісу аумағын тұтас қамтыған шараға үш бағыт бойынша 72 бала бала қатысты, оның 18 мүмкіндігі шектеулі балалар. Саралай келе, солардың 45-і жүлделі орындардан көрініп, 18 бала ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. 1-орынға ие болған жеңімпаз-командалар аталмыш фестивальдің Республикалық кезеңіне қатысады.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы