Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан маңызды меморандумға қол қойды
1,600
оқылды

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергетика министрліктерінің басшылары Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында республикалардың энергетикалық жүйелерін жүйеаралық біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қол қойылған меморандумның мақсаты – Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі шарттарын айқындау.

Құжат қатысушылардың Әзербайжаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан техникалық және экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы жасыл энергия саудасын жүзеге асыра отырып, Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйелерін қосу мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті екенін көрсетеді.

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбіне терең су кабелін төсеудің техникалық тапсырмасының жобасы қалыптасқанын атап өтті.

– Техникалық тапсырма аясында халықаралық трансмиссиялық дәліздерді (қаржыландыру, кірістер ағыны және иелік ету) дамыту және Еуропалық Одақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін болжамды бизнес-модель әзірленетін болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика министрліктері арасында Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум жобасы пысықталды, – деді министр.

Қазақстан Энергетика министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда осы жобаны іске асырудың базалық тәсілдері талқыланып, келісілді және қазақстандық ведомство одан әрі толыққанды өзара іс-қимылға толық дайын.