Турнирдің басты қонағы ретінде ММА спортының аңызы Федор Емельяненко шақырылған.
Алматыда аралас жекпе-жектен Alash Pride 96 турнирі өтеді
248
оқылды

Алматы қаласында аралас жекпе-жек спортынан Alash Pride FC 96 турнирі өтеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

ММА спортынан еліміздің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын "Алаш прайд" ұйымы өзінің кезекті 96-турнирін өткізеді. 2 мамыр күні, “Балуан Шолақ” спорт сарайында өтетін халықаралық турнирдің басты жекпе-жегінде лига чемпионы Рауан Бекболат дағыстандық Илиамин Джаватовқа қарсы жұдырықтасады. Сондай-ақ елімізге танымал Мақсат Есболат, Досқали Аширов сынды жас талантты спортшылар да сынға түседі. Турнирдің басты қонағы ретінде ММА спортының аңызы Федор Емельяненко шақырылған. 

Айта кетейік, "Алаш прайд" тұжырымы елімізде ай сайын үздіксіз турнир өткізетін тұжырымдардың қатарында. Бұл тұжырымда көптеген танымал спортшылар өздерінің кәсіби мансабын бастаған еді.