Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық команда топтық жаттығудан көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Спортшыларымыз бес шығыршықпен, сондай-ақ екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.
Ел құрамасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.
Топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Быстрова жаттықтырады.