Ақтөбе облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен 2007 жылғы Аружан Орынбасарованы іздестіріп жатыр.
Ақтөбе облысында кәмелеттік жасқа толмаған қыз жоғалып кетті
instagram.com/polisia_aqtobe
524
оқылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен жас қызға іздеу жарияланды. Ол 2 мамырда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Бұл туралы Aikyn.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен 2007 жылғы Аружан Орынбасарованы іздестіріп жатыр.

"2 мамырда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп қалған", – делінген ведомсвто хабарламасында.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы 140-150 см, орта денелі, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киіп шыққан.

Полицейлер осы қызға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, полицияның 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.