Бірлік күні мерекесіне орай тұңғыш рет қазақстандық 10 телеарна бірігіп «Біз біргеміз!» атты жалпыұлттық телемара­фо­нын өткізді.
Арнаның басын қосқан телемарафон
745
оқылды

Қазақстанда соңғы 80 жылда болған ең ірі таби­ғи апат – су тасқыны тақырыбын арқау еткен тікелей эфир 5 сағатқа ұласты. Телемарафон аясында Qazaqstan, «Хабар», Jibek Joly, «Еуразия», «КТК», «31 арна», Atameken Business, Astana TV, «7 арна» және Almaty TV арналары эфирінде жауапты тұл­ғалар тасқынның салдары және мемлекет тарапынан  қа­былданып жатқан шаралар жайын айтып берді.

Тікелей эфирге тасқынның зар­­да­бын жоюға жауапты бір­қатар министрлік басшы­ла­ры­нан Төтенше жағдайлар министрі Шың­ғыс Әрінов, Денсаулық сақтау ми­нистрі Ақмарал Әлназарова, Қар­жы министрі Мәди Такиев, Өнер­кәсіп және құрылыс министрі Қа­нат Шарлапаев, Қорғаныс ми­нистрлігінің ресми өкілі Руслан Жан­гулин, Су ресурстары және ир­ригация министрінің бірінші орын­басары Болат Бекнияз, Оқу-ағар­ту вице-министрі Еділ Оспа­нов, Парламент депутаттары, Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының өкіл­дері мен еріктілер қатысты. 

Төтенше жағдайлар министрі Шың­ғыс Әріновтің ай­туын­­­­ша, қа­зірге дейін су тасқыны бол­ған өңір­лер­­ден 119 мың адам то­лық эвакуа­ция­­ланған. Оның 45 мың­ға жуығы – бала. Төтенше оқи­ға басталғалы тасқын болған өңір­лер­ге  Қарулы Күштердің 5 400-ден аса әскері, 230 техникасы, 12 тікұ­шақ пен 5 әскери ұшақ жұмыл­ды­рыл­ған.

«Жер үйлері суға кеткен аза­мат­тар­дың баспана құрылысы 1 мау­сым­да басталады. Жаппай құрылыс ке­лесі жылыту маусымына дейін жал­­ғасады немесе зардап шеккен­дер­дің әрқайсысына бағасы 22 млн-нан аспайтын дайын пәтер ұсы­нылады», – деді  Өнеркәсіп жә­не құрылыс министрлігінің Құры­лыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төра­ға­сының орынбасары Қанат Мың­баев. 

Бүгінге дейін тасқын зардабын жою­ға меценаттар мен ірі компа­ния­лардан 200 миллиард теңгеден аса қаражат жиналған. Бұл қомақты қаржы мектептер мен  үйлер, бала­бақ­шалар мен жол салуға жұм­са­лады. «Біз біргеміз!» телемарафоны бары­сында су тасқынының алдын алу бойынша  Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Болат Бекнияз 2030 жыл­ға дейін жалпы саны 20 көлемді су қоймасын салу жоспарланып отырғанын айтты. 

Телемарафонда тасқын судың ал­дын алуға және зардабын жоюға өзара көмек қолын соза білген ел тұр­ғындарының қайырымды әре­кеті жайында жан-жақты айтылды. Күн райы қолайсыз болса да, 280 адам­ды ұшақпен эвакуациялап, та­сымалдаған әскери ұшқыш Би­барыс Ибраевтың жанкештілігі баян­далды. Тікелей эфирде қайық­пен 200 адамды аман алып қалған ақтөбелік құтқарушы Ерсайын Нұр­жановтың ерлігі де айтылды. Пет­­ропавлдағы тасқын судан зар­дап шеккен тұрғындарды тегін та­сып, халықтың ризашылығына бө­­­ленген жүргізушілердің ізгі ісі де көр­сетілді. Орал қаласының шетін­дегі саяжайларға су жайылып, үй­ле­­рінде қалып қойған тұр­ғындарды  құт­қарған сержанттар, мектеп мүл­кін судан аман алып қалу үшін кү­рес­кен Қостанай облысындағы Алтын­сарин ауылының ұстаздары, 1000-нан аса еріктінің басын қос­қан «Жүректен жүрекке» волонтер­лік клубының мүшесі Әлішер Са­дықтың өнегесі баяндалды.

Жалпыұлттық телемарафон барысында айтылған рес­ми ақпаратқа сүйенсек, қазір зар­дап шеккен 13 547 отбасы 4,9 млрд тең­­геден аса бірреттік төлем алды. Аты­рау, Батыс Қазақстан, Қоста­най, Солтүстік Қазақстан мен өзге де өңірлердің тұрғындарынан кө­мек алу бойынша жалпы саны 22 748 өтінім түскен. Бүгінде су тас­қы­ны­нан зардап шеккен аймақтар­да­ғы 527 үйді қалпына келтіруге 682 млн теңгеден астам қаражат бөлін­ді. Ақмола, Қостанай,  Қарағанды жә­не Павлодар облыстарында 50-ден астам отбасы үйлер мен пәтер­лер­ге қоныстанды.

Қоғамдық штаб өкілі Әскер Пи­­риев тасқын кезінде қызмет ет­кен Қазақстан халқы Ассам­блея­сының 12 мыңға жуық еріктісі ту­ра­лы сөз қозғады. «Жүректен жү­­­­рек­ке» акциясы барысында 800 мил­лион теңгеден асатын гумани­тар­лық көмек көрсетілген.  Теле­ма­рафонда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жедел штаб құ­рып, «Қиындықта ел бірге» акция­сын жариялап, қор ашып, мешіт қыз­меткерлері мен жамағаттан құ­ралған 2000-нан аса еріктіні тарт­қаны айтылды.

Денсаулық сақтау министрі Ақ­марал Әлназарова телема­ра­фон­да маңызды дерек келтірді.

«Су тасқынының алғашқы кү­нінен бастап барлық медицина қыз­меткері су алған облыстарда күні-түні жұмыс істеді. Тасқын ай­мақ­тарынан 440 әйел  облыс орта­лық­тарына көшірілді. 460-қа жуық жүкті келіншекті аман-есен босан­ды­рып алдық. Созылмалы ауруы бар науқастарды дер кезінде дәрі­мен қамтамасыз ету ісі бақылауы­мыз­да. Барлық жерде медициналық бе­кет ұйымдастырылды. Жұқпалы аурулардың алдын алу жұмысы ұдайы жүргізілді. Гуманитарлық кө­мек ретінде келген ас-су да жіті тек­серіліп отырады. Кезең-кезеңі­мен сараптама жасалынып, қоры­тын­дысын бақылап отырмыз. Ауру тарау дерегі тіркелген жоқ. Су тас­қыны болған өңірлерде үйлермен қоса мәйіттерді, жануарлар көміл­ген шұңқырларды шайып кетіп, қауіпті індет таралып кету қаупі бол­ды. Соған орай біз бас санитар­лық дәрігердің қаулысына сәйкес тиісті жұмыс жүргізіп, судың сы­на­масын алып отырмыз. Бүгінге дейін 6000 нысан дезинфекцияланды. Барлық аймақта дезинфекциялау ша­расы әлі де жүріп жатыр. Маска режимі енгізілмейді», – деді А.Әл­на­зарова. 

Телемарафон барысында 48 спи­кер 10 арнаның тікелей эфиріне шық­ты.  Телемарафонда 10 арнаны 21 тележүргізуші бірінен соң бірі сөз алып, эфирді тізгіндеп отырды.   

Телемарафонның негізгі ұйым­дастырушысы – «Қазақстан» теле­ра­диокорпорациясы. Корпорация бас­шысы Ләззат Танысбай:

«Қиын кезеңде бәрімізге күр­делі шешімдер қабылдауға тура ке­­леді. Отандық телевизия тари­хын­­да форматы мен ауқымы жа­ғы­нан мұндай марафон тұңғыш рет өтіп отыр. Жекеменшік және мем­лекеттік арналар бірігіп 5 сағаттық эфир ұйымдастырды. Бұл жерде халықтың ауызбірлігімен қоса, еліміздегі телеарна мамандарының ынтымағы да айқын көрінді», – деді. 

Шараның онлайн трансля­ция­сы 10 телеарнаның эфирінде, ресми сайт­тарында, Facebook және YouTube желілерінде, сондай-ақ Teleg­ram-арналарында жүргізілді.

С.БЕГІМБАЕВА