Жерасты дүмпуі провинцияның басқа аймақтарында да сезілді.
Филиппинде жер сілкінді
Фото: istockphoto.com
1,761
оқылды

Жұма күні Филиппиннің орталығындағы Лейте провинциясында 6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы  Синьхуа  жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Филиппиннің сейсмология институтының мәліметі бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:16-да жағалаудағы Дулаг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырымдай жерде болды. Гипоцентр 8 шақырым тереңдікте болған.

Жерасты дүмпуі провинцияның басқа аймақтарында да сезілді.

Филиппин Тынық мұхитының бойында орналасқандықтан, елде сейсмикалық белсенділік жоғары.