Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, үсік жүреді: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: 112.ua
2,996
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты бүгін де құбылмалы ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады; түнде елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады.

Тек солтүстікте, елдің орталығында жауын-шашын болмайды.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта – тұман.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысында 1-6 градус үсік сақталады, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.