12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздері эвакуацияланған.
Астанада жатақхана өртенді
Фото: ҚР ТЖМ
1,406
оқылды

Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақхананың шатыры өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт орын алған нысанда электр қуаты сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздері эвакуацияланған.

Оқиға орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.

Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау 22:38-де оқшауланып, 01:01 сағатта 160 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау жойылды. Оқиғаның себебі анықталуда.