Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қазгидромет»: Жетісу облысын су басуы мүмкін
3,010
оқылды

«Қазгидрометтің» ресми өкілі Республикалық ақпараттық штаб брифингінде Жетісу облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2024 жылғы 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін», – деді «Қазгидрометтің» баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Осы ретте «Қазгидромет», су қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін екенін ескертті.