7 мамыр – Отан қорғаушы күні.
Биылғы апат кезінде әскерилер жұмыстың алдыңғы шебінен табылды – Үкімет басшысы
493
оқылды

Қазақстан  Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қашанда қайсарлық пен асқақ рухтың жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан айбынды армиямыз – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының мызғымас кепілі. Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен бүгінде Қарулы Күштеріміздің әскери әлеуетін жаңғыртуға, кәсіби деңгейін сапалы дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Біз Отан алдындағы қасиетті борышына адалдық танытқан қаһармандарымызды ұдайы мақтан тұтамыз. Биылғы алапат табиғи апат кезінде әскери қызметшілер де елмен бірге ауқымды жұмыстардың алдыңғы шебінен табылды. Бұл орайда, сарбаздарымыз бен сардарларымыздың қажырлы еңбектері шексіз құрметке лайық. Әркез абырой биігінен көрініңіздер.

Осынау мерейлі күні Қарулы Күштеріміздің ардагерлеріне, ел тыныштығын қорғап жүрген әскери қызметшілердің барлығына мықты денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке тілеймін. 

Егемен еліміздің еңсесі биік, іргесі берік болсын!