Жақында Рамильдің әпкесі оның денесі сол вагоннан шамамен 100 метр қашықтықта табылғанын хабарлады.
"Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды
Фото YK-news.kz
3,675
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында қыста қосымша табыс табуға жұмысқа кетіп, кейін із-түзсіз жоғалған 36 жастағы ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz YK-news.kz порталына сілтеме жасап.

Риддердің 36 жастағы тұрғыны Рамиль Ғазизов желтоқсан айының соңында қаладан 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге ақша табуға кеткен.

Азаматтың әпкесінің айтуынша, бұл учаскедегі орманға ағасы күзетші ретінде барған. Алайда кейін ол жоғалып кеткен. Тек вагоннан оның заттары мен шашылған әйнек сынықтары табылған.

Жақында Рамильдің әпкесі оның денесі сол вагоннан шамамен 100 метр қашықтықта табылғанын хабарлады.

“Бірнеше күн бұрын түсіме Рамиль кіріп, өзін қайдан таба алатынымды көрсетті. Өрмелеп тұрып биік шыршаға шықтым. Оның денесі сол жерде жатты. Біз оның киімін таныдық, алайда әзірге сараптама нәтижелерін күтеміз”, – деді Рамильдің әпкесі.