Оның келесі жекпе-жегі 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
5,964
оқылды

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде титулды міндетті түрде қорғауы керек,  деп хабарлайды Аikyn.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Mo Boxing No Problem басылымының мәліметінше, қазақстандықтың келесі қарсыласы жақында IBF титулына міндетті бәсекелесі жаңазеландиялық Андрей Михайлович болмақ.  Бұл ретте Әлімханұлы америкалық кіші Шейн Мослимен (21-4, 12 КО) жұдырықтаса алар еді. Тараптар келіссөздер жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Кіші Мозели Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді және орта салмақтағы WBO NABO титулына ие. Ол  бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің ұлы.