Бұл туралы Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді. 
8-9 мамыр күндері Астанадағы басты көшелердің бірі жабылады
2,277
оқылды

Астана қаласындағы үлкен көшелердің бірінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы "Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мәлімдеді. 

"Республика және Кенесары көшелерінің қиылысында жол төсеміне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты 8-9 мамырда көлік қозғалысы шектеліп, жол ішінара жабылады", – делінген хабарламада.