Жаңадан сайланған министр Үкімет отырысында қызметіне адал болатынын айтып, ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етемін!»: Cу жаңа министр ант берді
www.istockphoto.com
752
оқылды
Жаңа цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында ант қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділдік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", – деді министр.

Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.