Қарағанды қаласында Парламент Се­натының қолдауымен шахматтан Senat Оpen бірінші ашық кубогының іріктеу туры өтті. Турнирге Қарағанды облысынан 100-ден астам шахмат әуесқойы қатысты.
Senat Open қанат қақты
619
оқылды

Шахмат барлық деңгейдегі мәслихат депу­таттарын, өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелерін, БАҚ өкілдері мен ардагерлерді біріктірді. «Жыл­дам шахмат» форматындағы ойындар Қазақстан шахмат федерациясы мен Денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «AMANAT» партиясының ғимаратында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік 25 ойыншы анықталды. 

Бірінші орынды Еңбек ардагері Геннадий Пак иеленді. Екінші орын Абай аудандық мәс­лихатының бұрынғы депутаты Сергей Могилаға, үшінші орын Еңбек ардагері Сергей Игнатьевке бұйырды.

– Мен 9 жасымнан бастап шахматпен айна­лы­самын, бұл ойынды әкем үйреткен. Аталмыш турнир барлық шахмат әуесқойы үшін үлкен мереке. Бұл спортты танымал етуге үлкен сер­пін. Турнир дәстүрлі болғанын қалаймын, – деді Геннадий Пак.

Senat Оpen жартылай финалы 21 маусымда Қарағандыда өтеді. Оған Қарағанды облысынан, Ұлытау облысынан және Астанадан іріктеу турының жеңімпаздары қатысады. 

Үлкен финал Астанада 29 тамызға жоспар­ланған.

Senat Open турнирі мәслихаттардың құрыл­ғанына 30 жыл толуына арналған және Қазақ­станның барлық өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр. Шарада шахматтың беделін арттыру мақсатында екі жылда бір рет Senat Open турнирі өткізілетіні айтылды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ