Танымал әнші, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жас кезіндегі суреттерін жариялады.
Өзім де алғаш рет көріп отырмын: Мақпал Жүнісова жас кезіндегі фотоларын тауып алды
9,834
оқылды

Өнер иесі көпшілік назарына ұсынған суреттерінің авторы туралы да ой қозғап, БАҚ өкілдеріне ұсыныс тастаған, деп жазады Aikyn.kz.

"Бұл суреттер мықты фотограф марқұм Рахымбай ағаның жары Априза апайдан келді, өзім де алғаш көріп отырмын, негізі Рахымбай аға барлық біздің атақты ақын-жазушылар, өнер адамдарын көп түсіргенін көретінмін, өте еңбекқор жан еді, бәрін тегін түсіретін, қарапайым жан еді, Априза апайға телеарналар, журналистер хабарласып, сол архивтерін жарыққа шығарса жақсы болар еді, осындай жас кезімізден қуантқаныңыз үшін үлкен рақмет!" - деп жазған әнші.