Тері астына салынатын препарат адамды өзін тоқ және жақсы сезіндіреді. Сондықтан аштық сезімін болдырмайды, адам тамақты аз жейді. Бұл дәрі салмақ түсіруге ғана емес, жүректің жұмысы мен инсульт қаупін де азайтатынын ғалымдар дәлелдеді.
Салмақ түсіретін дәрі инфаркт пен инсульт қаупін азайтады
Семіздіктің биологиясын өзгертетін, көптеген адамдарға пайдалы болатын дәрілер тобы анықталды. Фото здоровое-питание.рф сайтынан алынды
1,795
оқылды

Семіздікке қарсы қолданылатын препараттар қатары тағы бір дәрімен толыққанын BBC News жазды. Британдық сайттың материалына сүйенген Aikyn.kz жаңа дәрінің әсер ету жолын түсіндіреді.

Бірақ Ozempic қолданғанда терінің созылғыштығы жойылады. Фото glamourmagazine.co.uk сайтынан алынды

Қазіргі қолданыстағы дәрі-дәрмектерді өндірушілер қаржыландырған зерттеу нәтижесіне сәйкес, адамдар жаңа дәрінің көмегімен айтарлықтай салмақ жоғалтпаса да, жүрек соғысы мен инсульт қаупін азайтуы мүмкін. Мамандар Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) ұсынған тәбетті басатын Wegovy және Ozempic брендтерімен сатылатын дәрілік зат семаглютидті зерттеді.

Олар апта сайын тері астына салынатын дәрі миллиондаған ересектердің жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартатынын анықтаған. Соңғы нәтижелер әлі журналдарда жарияланбаса да конференцияларда талқыланған.

Жұмысты басқарған профессор Джон Динфилд семаглютид қандағы қантқа, қан қысымына немесе қабынуға оң әсер етуі мүмкін екенін, сонымен қатар жүрек бұлшық еті мен қан тамырларына тікелей әсер ететінін айтады.

Реалити-шоу жұлдызы Ким Кардашьян да салмақ түсіруге Ozempic қолданды деген қауесеттер бар. Фото standard.co.uk сайтынан алынды 

Лондон университетінің колледжі (UCL) 41-44 жастағы 17 604 адамды қамтыған зерттеу семаглютидтің жүрекке пайдасын көрсеткен. Novo Nordisk қаржыландыратын Select зерттеуінің деректері де адамның бастапқы салмағына немесе қанша салмақ түсіргеніне қарамастан, ағзаға оң әсер ететінін көрсеткен.

Зерттеудің тұсаукесері Италияда өткен Еуропалық семіздік мәселелеріне байланысты конгресте (ECO) өтті. Баяндама жасаған профессор Динфилд қорытындылардың «маңызды клиникалық мәні» бар екенін айтқан.

Ол 1990 жылдардағы статиндер деп аталатын холестеринмен күресетін таблеткаларды енгізу сияқты бұл да өте маңызды жаңалық болғанын айтты.

«Біз семіздіктің биологиясын өзгертетін және көптеген адамдарға пайдалы болатын дәрілер класы бар екенін анықтадық. Бұл кардиология тәжірибесін өзгерткен үлкен жетістік болды. Енді бізде қартаюдан болатын көптеген созылмалы ауруларды емдейтін дәрілердің тобы бар», – дейді ол.

Wegovy препараты дұрыс диета мен жаттығуларды алмастыра алмайды. Фото philstar.com сайтынан алынды

Wegovy препараты Голливудтың «арықтау инъекциясы» деп аталатын қант диабетіне қарсы қолданылатын Ozempic дәрісіне ұқсас ингредиенттен тұрады. Дегенмен сарапшылар бұл препараттар салмақты жылдам түсіруге арналмаған, дұрыс диета мен жаттығуларды алмастыра алмайтынын және тек дәрігердің бақылауымен қолданылуы тиіс препараттар екенін ескертеді.

Жалпы, жанама әсерлерге жүрек айнуы немесе асқазанның бұзылуы, кебулер және газ жатады. Зерттеулер көрсеткендей, адамдар емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтадан салмақ қосуы мүмкін.

Семаглютид GLP-1 гормонын имитациялайды, бұл адамдарға тоқтық сезімін білдіріп, аштық сезімін азайтады. Оны артық салмақпен немесе семіздікпен ауыратын науқастарға дәрігер тағайындауы керек, содан кейін пациенттер алдын ала дәрі құйылған арнайы қаламсаптарды пайдаланып, аптасына бір рет инъекция жасайды. 

Wegovy арнайы қаламсаптармен тері астына аптасына бір рет инъекция жасау арқылы егіледі. Фото myconciergemd.com сайтынан алынды

Профессор Динфилд: «Артық салмақпен немесе семіздікпен өмір сүретін көптеген адамдар салмағын жақсарту үшін күресіп жатыр, сондықтан тек осы препараттар маңызды клиникалық мүмкіндіктер ұсынады. Бірақ бұл олардың негізгі медициналық мәселелерін жақсартатын дәрілер. Бұл шынымен де өте қызықты», – деді BBC Radio 4-тің Today бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұл препараттар туралы Aikyn.kz бірнеше материал жариялаған. Мына сілтемелерден оқуға болады:

«Артық салмақтан арылтатын дәрі»

«Салмақ түсіретін өте тиімді әрі күшті дәріге рұқсат берілді»

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.