Қазір кірме жолды қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде.
Индерде кірме жолды су шаюына байланысты қайық тасымалы іске қосылды
1,610
оқылды

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың хабарлауынша, қайық қызметі Жайық өзенінің арғы бетінде орналасқан ауыл тұрғындарының аудан орталығына қатынауына жағдай туғызу мақсатында іске қосылып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

15 мамыр күні іске қосылған қайықтың тасымалдау уақыты таңертеңгі 9.00-ден кешкі 19.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс уақыты 13.00-14.30 аралығын қамтиды. 

"Жайықтың арғы бетінде 4 ауылдық округ пен оларға қарасты елді мекендер бар. Нақтылап айтқанда, Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай ауылдық округтері және Ынтымақ, Аққала ауылы", – деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.

Еске сала кетсек, «Атырау-Орал» тасжолының Индербор кентіне кірме 7 шақырым жолды су шайып кетуіне байланысты, қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында жол қатынасы уақытша жабылған болатын.

Қазіргі уақытта кірме жолды қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде.

Сонымен қатар, Индербор кентіндегі орталық көпір мен қайық тасымалы аралығына кентішілік бағамен маршрут қарастырылады.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.