18 мамыр күні Астананың Триатлон паркінде Run for autism деген екінші жүгіруден қайырымдылық марафоны өтеді.
Марафон: аутизмі бар балаларды қолдауға 2 мыңнан астам адам тіркелді
821
оқылды

Аутизмі бар балаларды қолдауға арналған Астанада жүгіруден өтетін қайырымдылық жарысына Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мұндай марафон «Болашақ» корпоративтік қоры серіктестердің қолдауымен өткізілмек.  Басты мақсат – аутизм туралы ақпаратты тарат отырып, ең әуелі аутизмі бар жандардың өмір сапасын жақсарту,  әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асуына көмектеспек.  

Жиналған қаражатты балабақшалардағы аутизм және ментальді бұзылулары бар балаларға арналған инклюзиялық кабинеттерді ашуға бағытталады. 2023 жылдың сәуірінде осы жарыстың алғаш рет өткен еді. Содан жиналған қаржыны «Болашақ» қоры Астана қаласы  №54, №60 және №66 балабақшаларында үш инклюзиялық кабинеті жабдықталды. Аутистік спектрдің бұзылулары бар 18 бала осы кабинеттерде дәріс алды.

Жүгіру қашықтығы төрт түрлі: 1 шақырым, 2,5 шақырым, 5 шақырым және 10 шақырым. Жарысқа қатысу үшін 5 990 теңгеден бастап 8 990 теңгеге дейін төлеуі тиіс. Форматы: офлайн, онлайн. Жүгіруге кәсіби спортшылар, жүгірушілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар мен олардың ата-аналары және т.б. қатысады.

Жүгіруге Қазақстанның 17 қаласынан 2 300 адам тіркелді. Онлайн жүгіруге 8 қаладан 14 адам тіркелді. Сайыстың қонақтары: ММА және джиу-джитсудан бес дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені,  балуан Сергей Цырульников және басқалары. Іс-шара барысында аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.

Қатысушылар арасында бағалы жүлделер: смартфондар, премиалды киім брендтері, кофехана, тіс емханалары мен жүзу мектебінен сертификаты сыйлыққа беріліп, фитнесс-орталықтан 1 жылдық абонемент секілді басқа да ұтыстар ойнатылады. 

Run for autism  қайырымдылық марафоны Астана қаласы  әкімдігі, «AMANAT» партиясы,  ERG  компаниясы,  Integra Construction  компаниясы,  NAK  құрылыс холдингі,  SF  дәмді тағамдар желісі,  Myd Production  компаниясы,  G-life  ауызсуы, «K-cell» компаниясы,  Argymaq  бренді,  ZAVOD  ивент агенттігі,  NV Clinic  тіс емханасы,  Teethalign компаниясы,  Templ  фитнесс орталығы,  WOW Swim  жүзу мектебі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ,  Coffee Day   кофехана желісі,  SL  компаниясы, Қазақстандық спортшылар кеңесінің  Nomad Triathlon Club,  My Start, Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен өтеді.

Ақпараттық серіктестер:  NUR Media  медиахолдингі, «Қазақпарат» ХАА,  Jibek joly  телеарнасы,  Sxodim, «А98 – новости Астаны», «Хабар» Агенттігі» АҚ, «24KZ» телеарнасы,  Smartnews  порталы,  Super Kyz, «Бегу баста».

Run for autism – бұл аутизмді зерттеуді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Run for autism форматтары: марафон, жартылай марафон, триатлон, жүгіріс және т.б. Олар әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б.

ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

сағ. 8.10 – ұйымдастырушылар мен қатысушылармен сұхбаттың басталуы;

сағ. 8.45 – іс-шараның ашылуы, алғы сөз;

сағ. 9.00 – қашықтықтар бойынша жүгірістің басталуы.