Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық талқыланды.
Министр Саясат Нұрбек Мажарстан елшісімен кездесті
1,499
оқылды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мажарстанның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында университетаралық серіктестікті дамыту, екі ел студенттерінің академиялық білім алмасуы, қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, университет филиалдарын ашу сияқты жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық талқыланды.

Министр еліміздің әртүрлі қалаларында: Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында 19 университетпен белсенді ынтымақтастық жүріп жатқанын атап өтті.

Мажарстанның елшісі шетелдік тарап стипендиялық академиялық бағдарламаларды, студенттер алмасуды белсенді дамытуға дайын екенін, сондай-ақ қазіргі уақытта магистратураның мәдени бағдарламаларына үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.

Отто Иван Рона Astana IT University-де Мажарстанның медицина университетінің филиалын ашуға мүдделі екенін айтты.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.