ҚР Президентінің Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.
Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
Фото: lada.kz
2,457
оқылды

ҚР Президентінің Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. «Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «Қаржы және қаржы құқығы» маманы. 2018 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған.

Еңбек жолын 1999 жылы Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі станциясының кезекшісі қызметінен бастаған. Кейін Астана станциясында кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының бас маманы, бөлім бастығы, магистральді желілер дирекциясы басқарушысының көмекшісі қызметтерінде болды.

2005-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның орынбасары қызметін атқарған.

2009-2010 жылдары «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры болды.

2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2011-2012 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, кейін осы акционерлік қоғамның Маңғыстау жолдары бөлімшесі филиалының директоры болды.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінде болды.

2013-2017 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы-атқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры – «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті, «Теміржолсу» АҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылы Ақтау қаласының әкімі лауазымында болды.

2022 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы 25 қаңтарда «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болып тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.