Демалыс күндері Өзбекстаннан импортталған жаңа пияздың алғашқы партиялары жеткізілмек.
Көкөніс бағасын тұрақтандыру: Серік Жұманғарин өндірушілермен келісімшартты аяқтауды тапсырды
Фото: primeminister.kz
549
оқылды

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының жағдайы талқыланды. 

Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен аптада ӘМАТ бағасының орташа индексі үшінші апта қатарынан тұрақты қалпын сақтады. Осылайша, жыл басынан 14 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі 0,3% деңгейінде қалып отыр.

Бір апта ішінде қырыққабаттың орташа бағасы 3,6%-ға төмендеді, бірақ сәбіз, картоп және пияз бағасының өсімі жалғасып жатыр. Түркістан облысында қырыққабаттың алғашқы өнімін жиналып жатыр, егістік басындағы сату бағасы бір келі үшін 20 теңгеден басталады, – деп атап өтті Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова. Басқа өңірлер тарапынан жаңа өнімге деген сұраныс өте төмен. Десе де, сөрелердегі қырыққабаттың бағасы келі үшін 154 теңге болып отыр. СИМ өңірлерге Түркістан облысынан жаңа піскен көкөніс сатып алуды пысықтауға шақырды.

Демалыс күндері Өзбекстаннан импортталған жаңа пияздың алғашқы партиялары жеткізілмек. Өзбек көкөнісінің баға диапазоны бір келі үшін 62-71 теңге болмақ. Келісімшарттарға сәйкес алғашқы жеткізілімдер БҚО, Қостанай, Қызылордаға жіберіледі. Жаңа импорттық егінді жеткізуге әзірге тек 10 аймақ өтінім берді.

«Барлық әкімдік келесі апта ішінде жаңа піскен егінді, өз таңдауларыңызбен импорттық, я болмаса қазақстандық өндірушілерден сатып алу бойынша барлық келісімшарттардың жұмысын аяқтаңыздар. Осы арқылы  көкөністердің бағасын тұрақтандыру қажет»,  деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.