Ақтауда көпқабаттың үйдің дәлізінде дәрет сындырған ер адамның ерсі қылығы камераға түсіп қалған.
Ақтауда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам жауапкершілікке тартылды
625
оқылды

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтау қалалық Полиция басқармасы мамандары 66 жастағы ер адамды оның әрекеті үшін жауапкершілікке тартты.

«17 мамыр күні сағат 14:55 шамасында 5 шағынауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде рұқсат етілмеген жерде дәрет сындырған. Полиция қызметкерлері азаматтың жеке басын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.