Сіргелі ауылында жоғалған үш жасар қызды іздеу жұмыстары 3 күн – 2024 жылғы 16 мамырдан бастап жүргізілген.
Сарыағаштағы 3 жасар қыздың өлімі: полиция істің мән-жайын мәлімдеді
1,872
оқылды

Түркістан облысының Полиция департаменті әжетханадан өлі күйінде табылған 3 жасар қыздың қазасына қатысты мән-жайын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түзсіз жоғалған қыздың денесін көрші үйдің даладағы әжетханасынан тапты.

"Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласқан. Оны іздеуге полиция, Төтенше жағдайлар министрлігінің, әкімдіктің өкілдері, құтқарушылар, еріктілер мен мүдделі азаматтар жұмылдырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.